"ТАРАУИХ НАМАЗЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ" ✅Тарауих намазын екi бас қылып (яғни екі рəкəғаттан) он сәлеммен және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустахаб. ✅Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан жиырма жетi есе көп болады. Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер, тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі, парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады. ⬛Тарауих намазын үйде оқитын (әйелдер және белгілі бір себептермен жамағатпен оқылатын тарауих намазына қатыса алмаған ер адамдар) адамдар тарауих намазын төмендегідей оқиды: 🔵20 рәкат тарауих намазын өтеуге ниет ету; 🔵«Аллаһу әкбәр» деп ифтитаһ тәкбірін айтып, əйелдер қолдарын кеудеге қарай, ерлер басбармақ саусағын құлақ сырғалығына дейін жеткізеді; 🔵Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, əйелдер қолдарын кеудесіне ұстап, ерлер кіндік астына ұстайды. ⬛Субханака» дұғасын айтады: ✅Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук. 🔵«Әғузу- Бисми» айтылады. Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды. Қосымша бір сүре оқылады. 🔵«Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. 🔵«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді. 🔵«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады және 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады. 🔵Сәждеден басын көтеріп, отырады. 🔵«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») дейді. 🔵«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдарын байлап, «Фатиха» сүресін оқиды және қосымша бір сүре оқиды. 🔵«Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. 🔵«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді. 🔵«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады және 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады. 🔵Сәждеден басын көтеріп, отырады. 🔵«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады. 🔵«Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық») дер сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда «Әт-тәхият», «Аллаһумма салли», «Аллаһумма барик» дұғаларын оқиды. 🔵Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді. Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді. ⬛Дұға (әр 4 рәкат сайын оқылады): Субханә зил-мулки уәл мәләкут. Субханә зил-иззати уәл-азамати уәл-қудрати уәл-кибриәи уәл-жәбәрут. Субханәл маликил хаийл-ләзи лә иәмут. Суббухун, Қуддусун Роббуна уа Робул Мәләикати уар Руух. Лә иләһә иллаллаһ. Нәстәғфируллаһ. Нәсәлукәл жәннәтә уә нәғузу бикә минән-нәр. ⬛ТАРАУИХ НАМАЗЫНЫҢ БАТАСЫ ✅Оқылуы: Аллаһүммә салли ала Мұхаммәдин уә ала әли Мұхаммәдин уә сәллим. Аллаһүммә заййна бизинәтил-имани, уә шәррифнәә бисиями шәһри рамадан. Уәрзұқнал-жәннәтә уәлғұфран. Уә тәқаббәл миннә тарауихана я сүбхан. Уәстәжиб дұғаәнә я Ханнан, бифадликә уә жүдикә я Мәннән. Бирахмәтикә я әрхамар-рахимиин. ↔Қазақша мағынасы: Уа, бір Алла! Мұхаммедке ﷺ, әрі үй ішіне игілік ет және есендік бер. Уа, бір Алла! Бізді иман сәнімен сәнде және бізді туралықпен, танымның сыйымен сыйла. Рамазан айымен құрметте. Бізге жәннатты жарылқауды нәсіп ет. Уа, пәк Алла! Біздің тарауих намазымызды қабыл ет. Уа, игілік етуші Алла!

Теги других блогов: намаз мусульмане тарауих